Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120672412636071.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты анықтауға арналған мобильді скрининг орталығына барды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін анықтауға арналған жаңа мобильді скрининг орталығының қызметімен танысты. Бұл орталық Оңтүстік Кореяның технологиясы бойынша жұмыс істейді. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында есеп берді. Кореялық «Medical Partners Korea» медицина компаниясының басшылары Ким Даёнг пен Мин Хисук Қазақстан Президентіне мобильді лабораторияның мүмкіндігі мен «Drive-through» жүйесі бойынша сынама алудағы тәжірибелері туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесіп, оларға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді. «Пандемия – шын мәніндегі соғыс. Бүкіл әлем пандемияға қарсы соғыс жариялады. Француздарда соғыстың аты соғыс деген сөз бар. Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз», – деді Президент. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Орталықтың қызметкерлерін 12 мамырда атап өтілетін Халықаралық медбикелер күнімен құттықтады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)