Шағын және орта кәсіп иелерін 1 қазанға дейін салықтан босату қарастырылып отыр – вице-министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шағын және орта кәсіп иелерін 1 қазанға дейін салықтан босату қарастырылып отыр – вице-министр
ашық дереккөз

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев онлайн брифингте экономиканы тұрақтандыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлерді уақытша салықтан босату туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Салықты 1 маусымға дейін төлемегендердің өсімпұлы тек 1 маусымнан бастап есептеледі. Ал 1 сәуірден 1 қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құн салығы 12 пайыздан 8 пайызға төмендетілді. 1 қазаннан бастап салық органдары бұған дейінгі төмендетілген пайыз мөлшерінің айырмашылығын талап етпейтін болады. Сонымен қатар Президенттің Жарлығын орындау мақсатында Үкімет тарапынан экономиканы тұрақтандыру мақсатында 29 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін шағын және орта, микро бизнес өкілдерін 1 сәуірден 1 қазанға дейін салықтан босату жеңілдігі беріліп отыр», – деді вице-министр.