Елімізде 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік көрсетілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік көрсетілді
ашық дереккөз

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев пандемия кезіндегі салықтық жеңілдіктер туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды, яғни жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қызметкер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру төлеуге, сондай-ақ салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыс мерзімін ұзарту енгізілді», - деді ведомство өкілі. Оның айтуынша төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер тоқтатылды. «2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды. Жалпы салықтық шаралар 700 мыңнан астам салық төлеушілерді қамтиды», - дейді Мәди Такиев.