Төтенше жағдай режимі кезінде салықтан қандай кәсіпорындар босатылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төтенше жағдай режимі кезінде салықтан қандай кәсіпорындар босатылды
ашық дереккөз

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев онлайн баспасөз конференциясы барысында төтенше жағдай режимі кезінде салықтан босатылған кәсіпорындар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Төтенше жағдай кезінде Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау үшін жедел шаралар қабылдады. Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Жарлыққа сәйкес бизнесті қолдау үшін мынадай салықтық шаралар қабылданған болатын. Алдымен жыл соңына дейін сауда ойын-сауық орталықтар, кинозалдар, театрлар, көрмелер және спорт нысандары мүлік салығынан босатылды. Екіншіден, қоғамдық тамақтану орындары, қонақүй, туристік қызметтер, сондай-ақ нотариус, адвокат, сот орындаушылары мен медиаторлар да дәл осындай қолдауға ие болды», - дейді Ұлттық экономика вице-министрі. Сөзін жалғай отырып, жалпы белгіленген уақытпен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлігі бар азаматтар жеке табыс салығын төлеуден босатылғанын жеткізді. «Ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын агроөнеркәсіптік кешендегі биологиялық активтерінің импортына қосылған құн салығы салынбайды. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығын төлемейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2020 жылдың 1 қазанына дейін 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді», - деді Мади Такиев. Сонымен қатар, микро, шағын және орта бизнес субъектілері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін 29 қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа да міндетті төлемдерден босатылғанын қозғап өтті.