Бүгіннен бастап 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бүгіннен бастап 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120678243714562.webp)
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайндағы жұмысын жаңа форматта жалғастырады. Бүгіннен бастап күн сайын 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таңғы сағат 08:00-де #BizBirgemiz #АлғаҚазақстан хэштегімен танымал спортшы, бапкерлердің қатысуымен таңғы жаттығу өтеді. Елге есімі таныс атлеттер жалпы халыққа салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттап, осы бағытта елеулі үлес қосып келеді. «Ертегілер əлемінде» атты бағдарлама сағат 12:00 мен 20:30-да Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан эфирге шығады. Еліміздің үздік театр актерлері балалармен қиял-ғажайып əлеміне саяхаттайды. Сағат 14:00-де #óneronline #оnlinedabol хэштегімен мəдениет, өнер тақырыбында онлайн-дəрістер өтеді. Бұл шеберлік-дәрісін Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасынан көрсетіледі. Ал сағат 18:00-де Қазақстанның маңдай алды балет ұжымдары озық қойылымдарын Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасында тарту етеді. 20:00-де Мəдениет жəне спорт министрлігінің алтын қорындағы концерті мен опера майталмандарының өнерін Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан қарауға болады. Айта кетейік, карантин кезінде көпшіліктің жоғары бағасына ие болған Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірлеген «Карантиндегі жұлдыз» онлайн-жобасы аяқталды.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)