Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру уақыты белгіленді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру уақыты белгіленді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120680043192612.webp)
11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім және ғылым министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады», - делінген хабарламада. Ведомство мектеп түлектері арасында дәстүрге айналатын іс-шараны жариялады. «Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады», - деп жазады министрлік.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)