Сұлулық салондары қалай қызмет көрсетеді – әкім орынбасарының жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сұлулық салондары қалай қызмет көрсетеді – әкім орынбасарының жауабы
ашық дереккөз

Сұлулық салондары тек алдын ала жазылған клиенттеріне ғана қызмет көрсетеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Сұлулық салондарының жұмысына рұқсат етілген. Алайда санитарлық талап қатаң сақталуы қажет. Сонымен қатар тек алдын ала жазылған клиенттеріне ғана қызмет көрсетіледі. 3 адамнан артық қабылдауға болмайды. Ал спорттық шаралар, той өткізу сияқты басқа да адам көбірек жиналатын шараларға әзірге рұқсат жоқ. Бұл жөнінде эпидемиялық жағдай көрсеткіші төмендеген соң комиссияның шешімі шығатын болады», – деді елорда әкімінің орынбасары.