300 мың астаналыққа 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем берілді – әкім орынасары
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![300 мың астаналыққа 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем берілді – әкім орынасары](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120673534352315.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн брифингте елордалықтарға берілген әлеуметтік көмек туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Табысынан айырылған азаматтарға арналған 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді 300 мыңнан аса елордалық алған. Оларға төленген қаржының жалпы көлемі 12 миллиард теңгені құрады. Бұл әлеуметтік төлемді екінші айда, яғни мамыр айында 41 мың адам алып үлгерді. 42 500 теңгелік әлеуметтік көмектің арқасында елордада тұратын, алайда ешқай жерде ресми түрде жұмыс істемейтін 16 мың адамды анықталды. Яғни бұл жағдай оларды Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге алуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған 40 мың отбасыға азық-түлік берілді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан 20 миллион теңгенің әлеуметтік пакеті 4,5 мың бала қамтылды. Ал 3 мың отбасыға 480 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді», – деді елорда әкімінің орынбасары.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)