Елордада 13 млн шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 13 млн шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120680039362398.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен коронавирус инфекциясының қазіргі жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Төтенше жағдай мен карантиндік іс-шаралар нәтижесінде қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 13 млн шаршы метрден астам аумақты дезинфекциялады. Ал Қорғаныс министрлігі 7 млн-нан астам шаршы метрді дезинфекциялады. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласында жұқтыру қаупі әлі де сақталып отыр. Пандемия елордалықтардың денсаулығына әлі де қауіп туғызуда», - деді әкім орынбасары. Бақтияр Мәкен сөз арасында ауқымды спорттық, отбасылық, еске алу секілді өзге де іс-шаралардың өтуіне тыйым салынатынын жеткізді. «Сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театр секілді адам көп жиналатын орындар жұмысына кірісе алмайды», - дейді Бақтияр Мәкен.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)