Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін дәрігерлерге үстемақы төлене ме?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін дәрігерлерге үстемақы төлене ме?
ашық дереккөз

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы әлі де төмендемей тұрғанын ескере отырып, төтенше жағдай аяқталған соң дәрігерлерге берілетін үстемақы төлене ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұл - халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтың бірі. Ол туралы Президент кезінде арнайы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты мемлекет деңгейінде Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық ақша бөлініп отыр. Сондықтан үстемақы әрі қарай тамыз айына дейін денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеп жүрген азаматтардың бәріне берілетінін бәріңіздің қаперіңізге салғым келеді», - деді Ералы Тоғжанов брифингте.