Сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметіне кірісе алмайды – Тоғжанов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметіне кірісе алмайды – Тоғжанов
ашық дереккөз

Елімізде кез келген бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу жалғаса береді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кәсіпкерлер мен халықтан сауда ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақүйлердің жұмысын жандандыру бойынша сұрақтар түсіп жатыр. Олардың бұл кезеңде қызметіне қайта кірісе алмайтынын ерекше атап өткім келеді. Бұл мәселе аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып кейінірек қаралады», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. Ол сөз арасында кез келген бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу жалғасатынын нықтап айтты. Айта кетейік, Ералы Тоғжанов өз сөзінде Үкімет жанынан беделді ғалымдар мен эксперттерден құралған биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңес құрылатынын мәлім еткен болатын.