Пандемия кезеңінде 62 елден 12 мың қазақстандық елге қайтарылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Пандемия кезеңінде 62 елден 12 мың қазақстандық елге қайтарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212068483452190.webp)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн баспасөз конференциясы барысында пандемия кезеңінде елге қайтарылған қазақстандықтар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет үшін Қазақстанның әр азаматының өмірі құнды. Сондықтан да, пандемия кезеңінде 62 елден 12 мың отандасымыз елге қайтарылды. Бұл жұмыс әлі жалғастырылуда – жоспар бойынша әлі 7 мың Қазақстан азаматын елге жеткізуіміз керек. Бұл әлеуметтік сала бойынша ғана атқарылған шаралар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары. Сөз арасында экономикалық бағытта қаралған және шешілген мәселелер бойынша бүгін арнайы брифинг өтетінін, ол бағыттағы жұмыс туралы толық ақпарат берілетінін жеткізді. Айта кетейік, Ералы Тоғжанов төтенше жағдай кезінде халыққа әлеуметтік көмек көрсету үшін 3,4 млрд теңге бөлінгенін жеткізген болатын.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)