Әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін мемлекет тарапынан 3,4 трлн теңге бөлінді – Тоғжанов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін мемлекет тарапынан 3,4 трлн теңге бөлінді – Тоғжанов
ашық дереккөз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде төтенше жағдай режимі кезінде атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кең ауқымды түрде Президенттік шаралар қабылданған болатын. Олардың ішінде біріншіден экономикалық қиындықтарына қарамастан мемлекеттен барлық әлеуметтік міндеттемелерді дер кезінде орындау үшін 3,4 трлн теңге қарастырылып, жүзеге асырылды. Екіншіден, Мемлекет басшысының шешімімен 4 млн-ға жуық зейнеткер мен жәрдемақы алушының төлемдері жылдық мөлшерде 10 пайызға артты. Бұл шараға қосымша 313 млрд теңге қарастырылды», - дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. Сөзін жалғай отырып, 42 500 теңге және азық-түлік түрінде көрсетілген көмек жайлы қозғап өтті. «Үшіншіден, 1 млн мұқтаж азамат 7 млрд теңге көлеміндегі азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілді. Төртіншіден 4,5 млн табысынан айырылған азаматқа 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер тағайындалды. Бесіншіден, 1,6 млн-ға жуық мұқтаж отбасыға коммуналдық төлемдерді өтеу үшін қаржылай көмек көрсетілуде», - дейді Ералы Тоғжанов.