Педагогтерден шамадан тыс есеп талап еткендер қалай жазаланады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Педагогтерден шамадан тыс есеп талап еткендер қалай жазаланады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212067343538075.webp)
Педагогтерді қызметтік міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартқандар және олардан шамадан тыс есеп талап еткендер үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, ҚР БҒМ Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің аумақтық департаменттері ҚСжАЕК органдарында жоспардан тыс тексеруді тіркейді. Тексеруді ұйымға барып немесе қашықтан жүргізеді. Егер алғаш рет заң бұзған адам кінәсін мойындаса, Комитет пен оның аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмайды. Бірақ кінәлі адамға ескерту жасау туралы қаулы шығарады. Заң бұзушылыққа қайта жол берген адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Оның көлемі 20-дан 120 АЕК-ке дейін жетеді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)