Елімізде ұшақ жолаушыларына арналған COVID-19 анықтамасын көрсету тәртібі алынып тасталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде ұшақ жолаушыларына арналған COVID-19 анықтамасын көрсету тәртібі алынып тасталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120684710742232.webp)
Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов Қазақстанда ұшақпен ұшу үшін COVID-19 анықтамасын көрсету тәртібі алынып тасталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ол өз сөзінде 1-10 мамыр аралығында келген әуе жолаушылар, әуежайлар қосалқы қызметтерінің қызметкерлері мен ұшақ экипаждарының арасында коронавирус инфекциясы тіркелмегенін мәлім етті. Сол себепті 11 мамырдан бастап жолаушылар, әуежайлар қызметінің қызметкерлері мен экипажға арналған инфекцияға ПТР талдаудан өту талабы алынып тасталды. Сонымен қатар, санитарлық-карантиндік талаптар, яғни әлеуметтік қашықтық, сауалнама жүргізу, маскалық режим, шығарып салушыларды терминал ғимаратына жібермеу, байланыссыз термометрия және басқалары өз күшінде қалады. Температурасы жоғары немесе ауру белгілері бар адамдар (жөтел, ентігу, тыныс алуы қиын) анықталған жағдайда олар әуежай ғимаратына, тиісінше ұшақ бортына жіберілмейді. Бұл әуе жолаушылар артынан карантинде отырып оқшауланады. Айта кетейік, елімізде әуе жолдары наурыз айында тоқтатылған болатын. Ал 1 мамырдан бастап елімізде қалалар арасында әуе байланысы қайта жанданып, COVID-19-ға анықтама қажет екені хабарланған.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)