Дәмхана, мейрамханалардың қашан ашылатыны әзірге белгісіз – Сұлтанғазиев
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дәмхана, мейрамханалардың қашан ашылатыны әзірге белгісіз – Сұлтанғазиев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212068671146881.webp)
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев онлайн брифингте 1 мамырдан бері қалааралық авиарейстердің жолаушыларынан коронвирустың анықталмағанын айтты, Елорда Инфо. «Эпидемия басталғалы бері дәрігерлердің көмегінің арқасында 16 науқастан өкпені желдеткіш аппараты алынды. Ал жансақтау бөлімінен 69 науқас емделіп шықты», – деді ол. Сонымен қатар ол 1 мамырдан бастап ел ішіндегі қалалар арасындағы барыс-келіске, авиарейстерге рұқсат берілгенін тілге тиек етіп, осы уақыт ішінде ұшақтағы жолаушылардың бір-біріне вирус жұқтырған жағдайдың тіркелмегенін атап өтті. Ал дәмхана, мейрамханалардың келушілер үшін қашан есігін ашатыны туралы сұраққа Тимур Сұлтанғазиев бұл мәселенің әзірге белгісіз екенін, ол эпидемиялогиялық жағдайға байланысты болатынын айтты.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)