Асқар Мамин мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Асқар Мамин мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120751111556743.webp)
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты. Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған. Биыл барлық жол бойындағы жаңа жабыны бойынша жол қозғалысын ашуды қамтамасыз ету, 297 су өткізетін құбыр, 17 көпір, жол айрығында екі жолөткел және ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 33 жолөткел салу жоспарланған. Осы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында жол құрылысы жұмыстарымен барлығы 800 шақырымнан астам жол қамтылады. Премьер-министр жол құрылысы жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырып, жол инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Балқаш қаласында Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, әуежайды реконструкциялау мен өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты. Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытына да барды. Онда өндіріс процесімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен танысты.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)