Нұр-Сұлтанда 15 мың жұмыс орны ашылады – А.Көлгінов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда 15 мың жұмыс орны ашылады – А.Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120750217004644.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Астана тв» телеарнасындағы «Elorda Live» бағдарламасына берген сұхбатында астанадағы 150 көшенің жөнделетінін айтты, Елорда Инфо. «Қаланың шеткі аймақтарын көркейтуге қатысты Үкімет тарапынан қолдау бар. Дегенмен бюджетке бірқатар өзгерістер енгізілді. Алайда соған қарамастан, қала тұрғындарымен есеп беру кездесу кездерінде уәде бергеніміздей, қордаланған мәселелерді шешетін боламыз. Жалпы, әлеуметтік желілердегі жүргізілген сауалнамалар мен тұрғындардың арыз-шағымы бойынша жұмыс жүргіземіз. Мысалы, көгалдандыру, абаттандыру, инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар, жылы аялдамалар жөнінде кешенді жоспар жасалды», – деді А.Көлгінов. Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша елордада 15 мың жұмыс орны ашылады. Президенттің тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласына 61 миллиард теңге бөлінді. Осыған сәйкес, 15 мың жұмыс орны ашылуы тиіс. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 150 көше жөндеуден өтеді. Оның 100-і тұрғын алаптарындағы көшелер. Әрине, бұл бір сәтте біте қоятын жұмыс деп айтуға болмайды. Дегенмен 100 көше де аз емес. 150 көшенің өзі 100 шақырымдық жолды құрайды. Қазіргі уақытта Бөгенбай, Кенесары, Абай көшелерінде жөндеу жұмыстары басталып та жатыр, – деді қала әкімі.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)