Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек үшін 7,6 млрд теңге бөлінді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек үшін 7,6 млрд теңге бөлінді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212075484262363.webp)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов онлайн баспасөз конференциясы барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне төленетін жәрдемақы мен сыйақы жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын ұлғаюда. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлем мөлшері базалық зейнетақы бойынша 5%-ға, ынтымақты зейнетақы бойынша 7%-ға өсті. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төлемдердің мөлшері тағы 5%-ға индекстелді. Нәтижесінде 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері ҰОС қатысушыларына – 164 542 теңгені, ҰОС мүгедектеріне – 169 762 теңгені, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 156 000 теңгені, ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 109 427 теңгені, ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 107 577 теңгені құрайды», - деді вице-министр. Ол сөзін жалғай отырып, ардагерлерге төленетін сыйақы үшін бюджеттен бөлінетін қаражат мәселесін де мәлім етті. «Жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Жеңістің 75 жылдығына орай жергілікті бюджеттерде осы мақсатқа 7,6 млрд теңге қарастырылған», - дейді Ерлан Әукенов.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)