Биыл елімізде қаңтар-наурыз айларында 220 мыңға жуық жеңіл автомобиль тіркелді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елімізде қаңтар-наурыз айларында 220 мыңға жуық жеңіл автомобиль тіркелді
ашық дереккөз

2020 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 216 784 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «2020 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 216 784 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8 пайызға кеміді. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 929,5 мың бірлікті құрады», - деп жазады Статистика комитеті. Комитеттің мәліметінше 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында 2 740 жол-көлік оқиғасынан 3 959 адам зардап шеккен. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда апат саны 3,9 пайызға кеміді. «2020 жылдың 3 айында тіркелген көліктердің 22 867-сінің шығарылғанына 3 жыл толмаса, 38 696-сі 3-7 жыл бұрын құрастырылған көліктер. Ал шығарылғанына 7 жылдан асқан, бірақ 10 жыл болмаған көліктердің саны – 30 263, 10 жылдан асқан көліктер саны – 124 762», - деп жазылған комитет хабарламасында. Көліктердің 84,1 пайызы бензинмен, 13,2 пайызы аралас, 2,5 пайызы дизель отынымен, 0,2 пайызы газбен жүреді.