Antikor Live: Елордада «Рrotecting business and investments» жобасы іске асырылуда
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Antikor Live: Елордада «Рrotecting business and investments» жобасы іске асырылуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120763145343448.webp)
«Рrotecting business and investments» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мен «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС директоры Серік Қарымсақовтың қатысуымен бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселелері онлайн сұхбатта талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жыл басынан бері Департамент инвесторлармен 8 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 4 келісімге қол қойды. «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС директоры Серік Қарымсақов 3 млрд теңгені құрайтын инфрақұрылымы дамыған 1 000 орындық мектеп қалашығы (Сингапур мектебі) құрылысының жобасы туралы айтты. Мектепте оқыту Сингапурлық команданың басшылығымен шетелдік білім беру жүйесі аясында жүргізіледі. Оқу орнынан басқа аумақта кеңселер, тұруға арналған кампустар, халықаралық стандарттарға сәйкес спорт алаңдары орналасатын болады. Қазіргі уақытта нысанның орналасқан жері анықталып, жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдарымен келісу үстінде. Серік Қарымсақов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өзара іс-қимыл мен инвестицияларды қолдағаны үшін алғысын білдірді. Айта кетсек, «Рrotecting business and investments» жобалық кеңсесі 2018 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Сыртқы істер және Инвестициялар және даму (бұрынғы атауы) министрліктерінің бастамасы бойынша қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында құрылған болатын.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)