Қазақстан ТМД елдері СІМ басшыларының кеңесіне қатысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан ТМД елдері СІМ басшыларының кеңесіне қатысты
ашық дереккөз

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлерінің бейнеконференция форматындағы кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Бұл іс-шараға еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты. Шара барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. COVID-19 коронавирусының таралу салдарына қарсы әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар елдердің қауіпсіздік әрі гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірқатар маңызды шешімге келді. Отырыс қорытындысы бойынша, 2020 жылға ТМД шеңберінде көп деңгейлі СІМ аралық консультациялар жоспары бекітілді. Сондай-ақ мемлекеттердің қорғаныс, қауіпсіздік, мәдениет, спорт, білім, жастар ынтымақтастығы саласындағы халықаралық шарттар мен шешімдерінің жобалары мақұлданды.