Фермерлерге 70 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Фермерлерге 70 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120749646528163.webp)
Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд. теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% -ы - шағын және орта бизнес өкілдері. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Егіс маусымына дейін фермерлердің айналым қаражатын толтыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдарға салыстырғанда республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге артық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, қаржыландырудың жеңілдетілген ставкасы 5% -ға дейін төмендетілді. «Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулерге қарамастан, Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қаржыландыруды қысқа мерзімде - егіс маусымына дейін аяқтады. Мемлекеттің көмегін 2 405 фермер алды, олардың көпшілігі Түркістан облысындағы шағын шаруалар», делінген хабарламада. «Кең дала» бағдарламасына қатысуға өтініш берген фермерлердің 126-сы 100 млн. теңгеден астам қаржыға ие болды. 194 фермерге орташа есеппен 574 млн теңге берілді. Мемлекеттік көмек алғандардың 90%-ы - шағын шаруа қожалықтары. 2085 фермер орташа есеппен 6,1 млн. теңге алды. Бұл ретте ең аз несие 600 мың теңгені құрады. Аграрлық несие корпорациясы шағын фермалардан келіп түскен өтініштердің саны бес жүз артқанын атап өтті.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)