Нұр-Сұлтанда «Әскери патриоттық әндер байқауы» жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда «Әскери патриоттық әндер байқауы» жарияланды
ашық дереккөз

«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, «Астана жастары» коммуналды мемлекеттік мекемесі, Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен, онлайн «Әскери патриоттық әндер байқауын» жариялайды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Сайысқа «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерімен қатар, оқушылар және колледж студенттері қатыса алады. Үміткерлер 5-маусымға дейін, jassarbaz.astana@mail.ru электронды почтасына видеоролигін жолдауы керек. Видеожазбамен қатар, қатысушының аты-жөні, мектеп (Колледж) номері, орындағын ән аты және авторы белгіленуі керек. Видеожазбағы қойылатын талаптар: Орындаушы әнді жанды дауыста орындау керек; Орындаушының артында артық заттар болмауы тиіс; Қосымша ақпарат +7 707 422 7396