Қазақстан халқы Ассамблеясы виртуалды қабылдау өткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан халқы Ассамблеясы виртуалды қабылдау өткізді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Виртуалды қабылдау» жұмысы онлайн режимде өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «46 медиатор - мамандар, судьялар, заңгерлер, дәрігерлер, психологтар мен елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстваның арнайы мониторингтік тобының мүшелерінен түрлі мәселелер бойынша консультациялық көмек алды», деп көрсетті ҚХА баспксөз қызметі. Сұрақтар отбасылық-тұрмыстық және азаматтық қарым-қатынастар, сондай-ақ Қазақстанда қабылданатын Денсаулық кодексіне қызығушылық пен карантин жағдайында медициналық қызмет алу сипатында болды. Қоңыраулар тек Нұр-Сұлтан қаласынан ғана емес, Қазақстанның басқа да аймақтарынан келіп түсті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының виртуалды қабылдау бөлмесінің» жұмысына жоғары деңгейдегі мамандардың қатысуы азаматтарға білікті кеңес алуға мүмкіндік берді. Азаматтардан болашақта тұрақты негізде консультациялар ұйымдастыруға ұсыныстар түсті. Виртуалды қабылдаулар-қызықты мәселе туралы ақпаратты тез тыңдаудың жедел тәсілі, бірнеше пікір мен түрлі көзқарастарды тыңдау, бірден бірнеше мамандармен танысу мүмкіндіктеріне ие.