Әскерге енді шақырылғандар арасында коронавирус таралуының алдын алу шаралары баяндалды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әскерге енді шақырылғандар арасында коронавирус таралуының алдын алу шаралары баяндалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120751117645987.webp)
ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов әскерде коронавируспен күрес қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Полковник «Әскерге енді шақырылғандар арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу қалай жоспарланып отыр? Олар тек қана ПТР тест тапсыра ма?» деген сұраққа жауап берді. «Бұл - бүгінгі таңда елді елеңдеткен өзекті мәселе. Сол себептен әскерлерде бекітілген санитарлық жұмыстар, нормалар сақталып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Әскерге келгендер оқшау орналастырылып, санитарлық нормаларды сақтайды. Сақтық шараларына басты назар аударылады», - деді Сәкен Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған қоса, Жүсіпов әскери шақыру жанданғаннан кейін қандай да бір елеулі өзгеріс болмайтынын айтты. Оның айтуынша, азаматтарды әскерге шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)