Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік тасымал көлемі 12%-ға артты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік тасымал көлемі 12%-ға артты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212067359714985.webp)
Елімізде көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша 89% құрады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында жолаушылар автобусы тасымалы, оның ішінде қалалық жолаушылар автобусы тасымалы, жолаушылар пойыздары, тұрақты әуе қатынастары тоқтады. Кейбір кәсіпорынды карантинге жабу көлік пен логистикаға әсер етіп, жеткізу көлеміне әрі тасымалдауға тапсырыстарды төмендетеді. Дегенмен бұл кезеңде еліміз арқылы өткен контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артып, 211,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Оның ішінде Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай бағыты бойынша контейнерлер тасымалы 25%-ға ұлғайған.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)