9 500 әскери қызметші дезинфекциялау және басқа да жұмыстармен айналысып жатыр - Сәкен Жүсіпов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
9 500 әскери қызметші дезинфекциялау және басқа да жұмыстармен айналысып жатыр - Сәкен Жүсіпов
ашық дереккөз

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов елімізде төтенше жағдай режимі кезінде түрлі жұмыстарға тартылған әскери қызметкерлер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап Қарулы Күштер әртүрлі міндеттерді белсене атқаруда. Бүгінгі таңда 9 500 әскери қызметші патрульдеу, дезинфекциялау және басқа да жұмыстармен айналысып жатыр», - дейді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы. Ол өз сөзінде әскерге шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім ел тарихында алғаш рет қолға алынып отырғанын мәлім етті. «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімдік қызмет әскери қызметшілерді запасқа шығаруды тоқтата тұру және азаматтарды әскерге шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып отыр және ол біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Орын алған жағдайға түсініп қарауды сұраймыз», - деп полковник сөзін қорытындылады.