Елімізде ҰОС ардагерлерін ұлықтауға арналған «Мәңгілік полк» акциясы өтіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде ҰОС ардагерлерін ұлықтауға арналған «Мәңгілік полк» акциясы өтіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120756713981825.webp)
Aitube.kz, Tengrinewskz, Massaget.kz, сондай-ақ zhuldyz.fm радиостанциясы онлайн режимде «Мәңгілік полк» акциясын ұйымдастыруды қолға алды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Егер үйіңізде Ұлы Отан соғысының тарихын бейнелейтін немесе қаһармандардың фотолары болса, Aitu қосымшасындағы Victory каналына, salem@ssmedia.kz электронды поштасына немесе Whatsapp/Telegram 87016047800 нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз. Мәңгілік полк акциясын бірігіп құрайық», - делінген хабарламада. Ұйымдастырушылар 9 мамыр күні Алматы уақытымен Salem Social Media арнасында, Aitube.kz видеоплатформасында, Tengrinews.kz және Massaget.kz сайттарында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы парктен тікелей трансляция өткізеді. Тікелей эфирде отандық әртістердің орындауында соғыс жылдарындағы әндер шырқалады. Мереке құрметіне орай Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік үрмелі оркестр қатысып, олар ҰОС ардагерлерінің өз аулаларында жанды концерт өткізеді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)