Елордадағы тұрғын үйдің балконы отқа оранды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы тұрғын үйдің балконы отқа оранды
ашық дереккөз

«Айсанам» тұрғын үй кешенінің 8-9-қабаттарындағы балкон отқа оранды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгін сағат 21.52-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметкерлері Мәңгілік Ел, 19 мекенжайындағы «Асанам» тұрғын үйіндегі өртті сөндіруге жөнелтілді. Оқиға орнына жеткен соң өрт сөндірушілер үйдің 8-9-қабатындағы балконның шамамен 35 шаршы метрі жанып жатқанын топшылады. Сағат 22.10-да өрт сөндіріліп, тілсіз жау 22.17-де толықтай ауыздықталды», – делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар 2 адамды өздерінің баспалдақтары арқылы құтқарды. 45 адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. «Оқиға орнында «103» қызметі де жұмыс істеп жатыр. Әзірге ешкім олардың көмегіне жүгінген жоқ. Жалпы, өрт сөндіруге жеке құрамның 5 техника бірлігі мен 25 адам жұмылдырылды», – делінген хабарламада. Аталған ведомства тұрғындарға балконда жанатын газды заттарды сақтамау, сіріңкені балаларға қолжетімді орынға қоймау, балконда темекі шекпеу керектігін ескертіп, жалпы, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды.