Елордада түрлі ұлт өкілдері ұлттық тағамдар әзірлеуден челлендж өткізіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада түрлі ұлт өкілдері ұлттық тағамдар әзірлеуден челлендж өткізіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120769543541508.webp)
Елорданың этномәдени орталықтары жұртшылыққа өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынуда, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Карантинде бос уақытты пайдалы өткізуге, басқа ұлттардың дәстүрлі тағамдарын дайындауды үйренуге мүмкіндік беретін акция тұрғындар қолдауына ие болды.
«Хазар» әзербайжан этномәдени орталығының өкілдері аспаздық мастер-класс эстафетасын жалғастыруда. Олар өздерінің көрермендеріне әйгілі долма тағамын таныстырды. Зохра Асанова тағамды үлкен ықыласпен дайындайды. Долма жас жүзім жапырақтарынан, көбінесе күріш, пияз, сиыр етінен тұрады. Үстіне соус құйылып беріледі.
Өз ұлттық тағамының рецептімен поляк этномәдени орталығының өкілдері де бөлісті. Леонард Сырица, аспаздық челленджді қолдап, поляктар арасында танымал пызы тағамын дайындайды. Дәмді түскі ас үшін тамаша отбасылық тағам құрамы картоп пен еттен тұрады.
Мұндай акциялар әрбір ас үй иесіне өз мәзірін байытуға, туыстарын жаңа тағамдармен қуантуға мүмкіндік береді. Ал қасиетті айда ораза ұстайтын мұсылмандар аспаздық челленджден жаңа мәзірлерді алып, ауызашарға таңдаулы кешкі ас дайындай алады.
Бүгінде Нұр-Сұлтанда 130-дан астам этнос өкілдері тұрады. 23 этномәдени бірлестік табысты жұмыс істеп, дамып келеді. Елорданың ҚХА өкілдері атап өткендей мұндай челлендж түрлі этномәдени бірлестік өкілдерінің Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде өмір сүруінің тағы бір дәлелі.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)