Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады
ашық дереккөз

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Елордада карантин режимі енгізілгенін ескере отырып, азаматтарды онлайн қабылдап жатырмыз. Азаматтар тұрғын үй мәселелерін, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және т. б. мәселелерді көтерді. Мемлекет басшылығы әлеуметтік шараларға әрдайым көңіл бөліп келеді. 29 сәуірдегі деректерге сәйкес елордада 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 284 мыңнан астам адам алды. Бұл 12 миллиард теңгеден астам қаражат. Nur Otan партиясынан бірінші кезең аясында қалада 14,5 мың тұрғын 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. Екінші кезең бойынша төлемдер беру басталды. Шамамен 1,4 млрд.теңге көлемінде 28 мыңнан астам тұрғынға материалдық көмек көрсетіледі. Халықты қолдаудың басқа да шаралары іске асып жатыр", деп көрсетті қала басшысы instagram желісіндегі парақшасында. Азаматтарды онлайн-форматта қабылдау тұрақты негізде өткізіледі. Бірқатар мәселелер қабылдау барысында шешілсе, қалғаны жоспарға алынды.