Елімізде 1,6 млн адамның несиесі кейінге шегерілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде 1,6 млн адамның несиесі кейінге шегерілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120773328291101.webp)
Елімізде 1,6 миллионнан астам қарыз алушы қарыздары бойынша мерзімін кейінге шегерді, 246 кәсіпкер жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит алуға мақұлдаудан өтті және 1,7 млн адам әлеуметтік жәрдемақы алу үшін төлем карталарын және карточкалық шоттар ашты, деп хабарлайды Елорда Инфо Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалу мониторингін жалғастыруда. 2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға банктік қарыз төлемдері бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімді кейінге шегеруге өтінім беру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінді. 1 661 232 жеке тұлға 237,4 млрд теңге сомаға немесе барлық қарыз алушының 31,3%-ы төлемдерді тоқтата тұруға мақұлдау алды. Оның ішінде 299 363 – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдері. Сонымен бірге 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санынан 44,1%-ы мерзімін кейінге шегерді. Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға және 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша берешегі бар. Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректерге сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлер кредит алу үшін 274,8 млрд теңге сомаға 1 313 өтінім берді. Оның ішінде 62,5 млрд теңге сомаға 246 қарыз мақұлданған.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)