Карантин енгізілгелі бері елордаға «жасыл дәліз» арқылы 22 мың тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Карантин енгізілгелі бері елордаға «жасыл дәліз» арқылы 22 мың тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді
ашық дереккөз

Карантин кезінде «жасыл дәліз» арқылы қалаға 51 786 тонна өнімі бар 4 771 жүк машинасы келді, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 21 829 тонна, желілер мен базарлардың ағымдағы сату көлеміне сәйкес келеді. Бүгінде қаланың қоры жеткілікті, деп хабарлайды Елорда Инфо Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 позиция бойынша 30 мың тонна өнім бар, оның ішінде 25 мың тонна азық-түлік қоймаларда және көкөніс қоймаларында сақталады. Қала қорын толықтыру үшін жеміс-көкөніс тобына, ет және бакалея өнімдеріне бекітілген бағамен «форвардтық келісім-шарттар» жасалды. Күріш, қарақұмық, күнбағыс майы және көкөніс тобына (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) белгіленген баға бойынша сату үшін ірі сауда желілерімен 2,6 млрд теңгеге «айналым тетігі» бойынша жеңілдікті қарыз шартына қол қойылды. Ұнды сатып алу есебінен нан бағасы бірінші сортты бөлке үшін 90-95 теңге шегінде ұсталады. Тұрақтандыру қорынан 220 теңгеден аспайтын баға бойынша қанттың тауарлық интервенциялары жүргізіледі. Бұдан басқа, мобильдік топ құрылып, олар рейдтер жүргізеді, негізінен азаматтардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны көтеру туралы өтініштеріне негізделе отырып, қорытындысын аудан әкімдеріне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жібереді.