Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы ұшақ билетінің құны 7 мың теңгеден басталады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы ұшақ билетінің құны 7 мың теңгеден басталады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы ұшақ билетінің құны сатып алу күні мен уақытына байланысты 7-ден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта болады. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күніне 4 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында әуе рейстерін ашу туралы шешім қабылдады. Сұраныс жоғары бағыт бойынша ұшудың басталуы саланы қалпына келтірудің алғашқы қадамы болады. Әуе рейстері ҚР ДСМ Көліктегі Бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларының күшейтілген жағдайында орындалады. «Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет бағасын сатып алу күні мен уақытына байланысты 7-ден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі. Алдағы уақытта, жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады», делінген хабарламада.