Карантин режимі жеңілдетілген соң елорда маңындағы ауыл тұрғындары қалай қатынайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Карантин режимі жеңілдетілген соң елорда маңындағы ауыл тұрғындары қалай қатынайды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин режимі жұмсартылған соң блок бекеттерден өту ережесі қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Ол қала маңындағы ауылдарға қатынау мүмкіндігі жайлы да айтып берді. «Карантин аумағына Ақмола облысының кейбір ауылы кірген. Сондықтан карантин аумағына кірмеген ауыл азаматтары шығып кетсе, қайтып кіру мүмкіндігі жоқ. Біз шығуға мүмкіндік береміз, бірақ кіруге мүмкіндік бермейміз. Себебі олар карантин аумағынан шығып кеткен соң 14 күн бойы үй карантинде болуы тиіс. Олар содан кейін ғана кіре алады», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.