Елорданың қоғамдық көліктері карантин аяқталғанша жұмыс істемейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың қоғамдық көліктері карантин аяқталғанша жұмыс істемейді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен коронавирус инфекциясы кезінде атқарылып жатқан шаруалар барысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Ол өз сөзінде өз қызметкерлерінің эпидемиологиялық күшейтілген талаптарын сақтауы әрбір ұйымның мойнына міндеттелетінін мәлім етті. «Кәсіпорындардың басшылары өз қызметкерлерін жеке гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуі, антисептиктер орнатып, толығымен дезинфекция жасауы қажет. Жұмысшылардың денсаулығына жауапкершілік ұйым басшысының мойнына жүктеледі», - деді қала әкімінің орынбасары. Сонымен қатар, онлайн тапсырыстан өзге көңіл көтеретін орындар жабық болатынын жеткізді. «Жұқтыру қаупі азаймауына байланысты адам көп жиналатын кинотеатр, сауда-ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен кафелер жабық болады. Тек онлайн тапсырыс арқылы ғана жұмыс істейді. Олардың ішінде қоғамдық көліктер де карантин соңына дейін жұмыс істемейді», - дейді Бақтияр Мәкен.