Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшатын жолаушыларда анықтама болуы тиіс - министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшатын жолаушыларда анықтама болуы тиіс - министр
ашық дереккөз

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасында ұшатын жолаушыға қандай талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасындағы әуе байланысына келсек, бірінші кезеңде күніне төрт рейс жасау жоспарланып отыр. Оның ішінде екі рейс Эйр Астана, бір рейс FlyArystan бір рейс Скат компанияларына тиесілі. Олар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстауға міндетті. Ал жағдай түзелген сайын рейс санын, ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады», - деді Дәурен Абаев арнайы брифингте. Министрдің айтуынша, әуе тасымалы күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Ұшу үшін жолаушыда Сovid-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталып жатыр.