Президент отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Президент отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120776728353632.webp)
Денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс. Бұл туралы Мелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Оны халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет. Осыған орай, Үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын. Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек», деп көрсетті Мемлекет басшысы. Президент вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажеттігіне тоқталды. Дағдарыстан кейін де медицинаны дамытуға баса мән беріледі. Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар Президент Үкімет Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуді жүктеді. «Парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын», делінген мәлімдемеде.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)