Стационардан шыққан пациенттер дәрігерлерге алғыс айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Стационардан шыққан пациенттер дәрігерлерге алғыс айтты
ашық дереккөз

[caption id="attachment_6885" align="alignnone" width="696"] фото astana.gov.kz[/caption] Нұр-Сұлтанда коронавирустан сауығып шыққан азаматтардың саны 16 - ға жетсе, жалпы Қазақстан бойынша-27 адам болды. Дәрігерлердің бақылауымен стационарда болған пациенттер медициналық қызметкерлерге кәсіби қызметі мен көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Мен карантинде 14 күн болдым. Бүгін соңғы күнім, барлық медициналық қызметкерлерге, дәрігерлерге алғыс білдіремін. Олар бізге қамқор бола білді. Тамақтары өте дәмді. Ел тұрғындарына айтарым: карантинді елемеуге болмайды. Аса жауапкершілікпен қараңыз! Күш-қуатымыз-бірлікте!»- деді стационарда жатқан пациент. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін стационардан шыққан пациенттер тағы 14 күн бойы үй карантинінде болады. «Мен шетелден ұшып келдім, мені карантинге жатқызды. COVID-19 сараптамасының нәтижесі теріс болып шықты. Карантинде барлық жағдай жасалды, өте ыңғайлы болды. Дәрігерлер жағдайымды күніге тексеріп, температурам мен дене қысымымды өлшеп жатыр. Күніне бес рет дәмді тамақ береді. Елімізде осындай дәрігерлер мен медбикелер бар екеніне өте қуаныштымын», - деп тағы бір емделуші.