Б.Мәкен: Адамдардың көшеде жүруіне кәсіпорындардың жұмысқа қайта кіріскені себеп болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Б.Мәкен: Адамдардың көшеде жүруіне кәсіпорындардың жұмысқа қайта кіріскені себеп болды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жұрттың көшелерде көп жиналуы мен автокөлік ағынының арту себебін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалада гүлзарлар, саябақтар мен жұртшылық жиналатын орындар жабық тұр. Біз карантин үшін арнайы аумақтарды қоршап, белгілеп қойдық. Бүгін қалалық Полиция департаменті мен волонтерлер рейд жүргізіп жатыр. Ал аулаларда патрульдік қызмет күн сайын жұмыс жүргізеді. Біз күн райы жылынып, барлығы далаға шыққысы келетінін білеміз.  Алайда азаматтар түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауға тиіс, себебі карантиндік режим әлі де сақталуда», - дейді әкім орынбасары. Сөзін жалғай отырып, кәсіпорындардың ашылуы жұрттың көптеп көшеде жүруіне себеп болып отырғанын мәлім етті. «Қазір көшеде адам көп, өйткені біз кейбір кәсіпкерлік нысандарын аштық. Бірақ мониторинг пен рейдтер қаланың барлық аудандарында жүргізіледі. Біздің азаматтарымыз өтетін көшелерде көптеген арнайы алдын алу шаралары жүргізіледі. Адамдардың көшеде босқа жүрмеуін қадағалаймыз», - деді Бақтияр Мәкен.