Елордада азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі онлайн диалог барысында айтылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі онлайн диалог барысында айтылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120784715715404.webp)
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты Мирас Шекенов және «Мемлекеттік сақтандыру қоры» АҚ Әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Гүлбағила Болатбекованың қатысуымен азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша онлайн сұхбат өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Гүлбағила Болатбекова диалог барысында Facebook желісінің пайдаланушыларына ТЖ режимін енгізуге байланысты кіріс жоғалту бойынша әлеуметтік төлемдер және оны жүзеге асыру кезінде туындайтын түйткілді мәселелер туралы толығырақ айтып берді. Барлығымызға белгілі, Нұр-Сұлтан қаласында 1 сәуірден бастап 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмегі төлене бастады. Бұл әлеуметтік төлемдер ТЖ салдарынан уақытша жұмыссыз қалған адамдарға, атап айтқанда шағын және орта бизнес қызметкерлері, ЖК өкілдері, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімдер бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын болады. Спикер зейнеткерлік жастағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер мен көмекке мұқтаж адамдарға төлемдерді ұзарту тәртібі туралы хабардар етті. Гүлбағила Болатбекованың айтуынша, әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезінде жүзеге асырылады, бүгінгі таңда 4 млн теңгеден астам қаржы төленді, әлеуметтік төлемдерді ұзарту мәселесі бүгінгі күнде ашық және ҚР Президентінің төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешіміне тікелей байланысты болады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеген (қалада 2651 теңге, ауылдық аудандарда 1325 теңге) азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер алуға өтінім беру мүмкіндіктері туралы мәселелер қозғалды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында өзекті мәселелер қаланың мемлекеттік органдарының мамандары мен басшыларының қатысуымен күнделікті «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында «Астана – адалдық алаңы» және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінінің FACEBOOK парақшаларында қаралады.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)