Елорда полицейлері сағат 20:00-ден кейін көлік ағынын 100% тексеретін болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда полицейлері сағат 20:00-ден кейін көлік ағынын 100% тексеретін болады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер сағат 20:00-ден кейін көлік ағынын 100% тексеретін болады, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция департаменті ерекше тәртіпте жұмыс істеуді жалғастыруда. Нұр-Сұлтан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Осы жылдың 20 сәуірінен бастап кейбір кәсіпорындарға жұмыс істеуге рұқсат берілгеніне байланысты автокөлік ағыны 10 пайызға артты. Қалалық жедел штабтың шешімі бойынша өз қызметін жүзеге асыра алатын кәсіпорындар саны артты. Олардың қатарына автокөлікке техникалық қызмет көрсету, вулканизация, автосалондар сияқты компаниялар қосылды. Бұл ретте автомобиль салонында жүргізуші ғана болуы тиіс. Сондай-ақ, агротехникалық салаға да жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бірақ бұл ретте әрбір ұйым өз қызметкерлерін жұмысына және үйіне дейін жеткізуі тиіс. Жеке құрам көліктерді тексерумен жұмыс істейді. Полицейлер негізінен жеке тұлғаларға тіркелген жеңіл көлікті тоқтатады. Күндізгі уақытта «Сергек» видеобақылауының талдау нәтижелері бойынша, қажеттілігіне қарай, трафикті толық бақылау үшін мобильді бекеттер қойылады. Сағат 20.00-ден кейін мобильді бекеттермен трафикті 100% тексеру жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта айыппұл тұрағына 1 125 автокөлік қойылды. Сағат 22: 30-ға дейін азық-түлік сатып алу мәселелерін жүзеге асыратын көлікке ғана жүруге рұқсат етіледі. Сағат 23:00-ден кейін дезинфекция жұмыстарына кедергі болмас үшін көлік ағындарын 5%-ға дейін қысқарту жоспарланған. Төтенше жағдай режимін және шектеу шараларын қасақана бұзған жағдайда тәртіп бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатын болады. «Құрметті қала тұрғындары, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин шарттарын қатаң сақтауды талап етеміз. Өткізілген іс-шараларға түсіністікпен қарауды, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды және оларға инфекцияның алдын алуға жәрдем көрсетуді сұраймыз. Бұл шаралардың барлығы сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін жасалып отыр», - деп атап өтті полициядан.