ҰБТ-2020. Бірнеше санаттағы түлектер үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҰБТ-2020. Бірнеше санаттағы түлектер үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120684211285007.webp)
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 15 мамырына дейін ұзартылды. Бұл туралы Елорда Инфо Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап хабарлайды. «Егер ҰБТ-ға өтініш беру жөнінде сұрақтар туындаса, ЖОО-дағы қабылдау комиссияларының жауапты хатшыларына жүгінуге болады. Байланыстар телефондары Ұлттық тестілеу орталығының сайтында testcenter.kz басты бетте көрсетілген. Сонымен бірге, ҰБТ-2020 тіркелу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, мәселені баяндай отыра, біздің info@testcenter.kz поштамызға хат жолдауға болады. Әр жағдай жеке қарастырылады», деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов facebook желісіндегі парақшасында.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)