АҚШ қазақстандық дәрігерлерге COVID-19-бен күресте қорғаныс құралдарын тапсырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![АҚШ қазақстандық дәрігерлерге COVID-19-бен күресте қорғаныс құралдарын тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120785516544026.webp)
АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттік Қазақстанға қорғаныс құралдарымен бірге медициналық бұйымдар мен жабдықтарды берді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің, «СК-Фармация» ЖШС мен Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті беруге қатысты», - делінген хабарламада. Ведомстводан хабарлағандай, АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттік Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтар жіберді. Бұл тегін көмекке жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді: комбинезон, бетперде, қолғап, көзілдірік.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)