Елордада карантиндік аумаққа кірмек болған ер адам екі айға қамалды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада карантиндік аумаққа кірмек болған ер адам екі айға қамалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120787143012920.webp)
Ел астанасында 30 жастағы ер адам тәртіп сақшылары күзетіп отырған карантиндік аумаққа кірмек болды, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері құжаттарын талап еткенде ер адам өзін агрессиялы түрде ұстауымен қоймай, былапыт сөздер айтып, тәртіп сақшыларының ар-намысы мен қадір-қасиетіне тіл тигізеді. Ал өзін колумбиялық наркобарон Пабло Эскобар деп таныстырады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі және 379-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 22 сәуірде тергеу сотының санкциясымен 1990 жылы 4 қаңтарда туған азамат Омаров Әмірхан Нұржанұлы екі ай мерзімге қамауға алынды. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қазіргі уақытта төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілдеріне тіл тигізу, бағынбау және зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істерді тоқтату тәжірибесі алынып тасталатынын ескертеді.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)