Есмағамбетова Біртановтың коронавирусқа тест тапсырғанын айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есмағамбетова Біртановтың коронавирусқа тест тапсырғанын айтты
ашық дереккөз

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың вирус жұқтыруына байланысты Елжан Біртанов пен министрлік басшылығы тест тапсырды ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Министрлік басшылығы, жалпы ведомство қызметкерлерінің 90 пайызы төтенше жағдай жарияланғаннан бастап қашықтан жұмыс істеп жатыр. Басшылық арасында Камалжан Надыровпен байланыста болғандар аз. Министр онымен қатынаспаған. Бірақ бүгін тест тапсырды. Тест нәтижесін өзі жариялайды деп ойлаймын», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған дейін Надыровтың қауіпті індет жұқтырғанын денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлаған болатын. Ал бас санитар дәрігер вице-министрдің халі қанағаттанарлық деген еді.