Ертең елордада күн райы бұзылады
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 23 сәуірде түнде және таңертең Нұр-Сұлтан қаласында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Бұл туралы Елорда Инфо Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді: Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда: - мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығын күрделі құрылыс объектілерінде күтіңіз; - көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз; - жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; - пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздар; - автокөлік құралын жүргізіп келе жатсаңыз, тұраққа қоюға тырысыңыз. Найзағай мен қатты нөсер жолдың көрінуіне кедергі болып, найзағай жарқылы жүргізушіге әсер етіп, Жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін. - найзағай кезінде су қоймаларында шомылуға және балық аулауға болмайды; - үй- жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағайға ұласуы мүмкін. - құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.