Елімізде 600 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 600 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады
ашық дереккөз

Елімізде алдағы 6 жылда 600 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. «2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның теміржол көлігі саласында 2025 жылға қарай магистральдық теміржол желісінің тозуын 49%, локомотивтердің тозуын 58% дейін төмендету жоспарланып отыр. Жолаушылар вагондары жетіспейтіндіктен 6 жылда 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Соның 50 вагоны биыл сатып алынады», - делінген министрлік хабарламасында.