Ресейдегі қазақстандық студенттер автобуспен елге келеді
Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық университеттің студенттері елге оралуда. Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігінен бес автобус жолға шықты. Бұл туралы Елорда Инфо Ресейдегі Қазақстан Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды. Түрлі себептермен коронавирустық пандемия жағдайында елге қайта алмай қалған Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі 250-ден астам қазақстандық университет студенттері бүгін үйлеріне аттанды. «Қазіргі эпидемиялық жағдайды және ресейлік университеттердің қашықтықтан оқытуға ауысуын ескере отырып, олар өздерінің отанына оралғысы келетіндіктерін білдіріп, оқуларын Қазақстанда қашықтықтан жалғастыруды жоспарлап отыр.Сапар алдында барлық жолаушыдан дене қызуы екі мәрте өлшенді. Жол полициясы мен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің қызметкерлерінің қатысуымен барлық санитарлық қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, автобустар Қазақстан-Ресей шекарасына бет алды», делінген Елшіліктің хабарламасында. Оны Орск пен Әлімбет өткізу пункттерінен өткеннен кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері қарсы алады. Барлық келгендер коронавирусқа тестілеуден өтеді. Теріс нәтиже болған жағдайда студенттер бұдан кейін Қазақстан аймақтарындағы тұрғылықты жерлеріне бет алады және онда екі апталық оқшаулануға тура келеді. Жалпы сапар уақыты шамамен бір тәулікке созылады. Бұл Мәскеуден келген қазақстандық студенттермен алғашқы автобус сапары. Бұрын осындай автобустар Уфа, Ханты-Мансийск, Самара қалаларынан ұйымдастырылған болатын. Қазіргі уақытта елшілік Қазақстанның отандарына оралғысы келетіндерге жаңа рейстерді (автобус және теміржол) қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізуде.